Қазақстан Президенті Корея Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және Дунай өзеніндегі кеме апаты салдарынан жақындарынан айрылған отбасыларға, сондай-ақ, бүкіл достас Корея Республикасы халқына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын», – делінген жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандардың туыстары мен жақындарын сабырға шақырып, ал зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне тілектестік білдірді.