Бұл туралы Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Куба Республикасы сыртқы істер министрінің орынбасары Рохелио Сиерра Диастың кездесуі барысында белгілі болды.
Кездесу барысында Қ.Тоқаев Куба Қазақстанның тәуелсіздігін таныған әлемдегі алғашқы елдердің бірі болғанын атап өтті, деп хабарлады ҚР Парламенті жоғарғы палатасының баспасөз қызметі.
Спикер 1995 жылы сыртқы істер министрі ретінде Гаванада болып, Команданте Фидель Кастромен кездесуін жылы шыраймен еске алды. Қ.Тоқаев ынтымақтастықты дамыту үшін қазақстан-куба қатынастарының барлық мүмкіндіктерін, соның ішінде парламентаралық байланыстарды пайдалану, іскер топтар арасында денсаулық сақтау, мәдениет, білім, туризм және ауыл шаруашылығы сияқты салалардағы байланыстарды жандандыру қажет деп санайды,
Парламенттің жоғарғы палатасының жетекшісі кубалық компанияларды Астанада өтетін ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуға шақырды.
Сенат спикері Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Кубаға алдағы сапары екіжақты қатынастарда тарихи оқиға болады және оған елеулі серпін береді деген сенімін білдірді.