ҚР Теннис федерациясының ақпаратына қарағанда, Қазақстан Президенті кубогы жылсайын әлемнің 20 елінің үздік теннисшілерінің басын қосады. Сайыстың жүлде қоры да Азия аумағында ең қомақы болып есептелінеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры 225 мың АҚШ долларын құрайды.
Байқауға ұсынылатын жобалар ағымдағы жылдың 18 сәуіріне дейін табыс етілуі тиіс. Үздік үштіктің есімдері 28 сәуірде белгілі болады. Ал байқау жеңімпазы Чехиядағы Lasvit зауытында болып, кубоктың дайындалуына тікелей атсалысады.