Қазақстан Президенті күзде Түркіменстанға ресми сапармен барады

Бұл туралы министрлер кабинеті төрағасының орынбасары, осы елдің сыртқы істер министрі Рашид Мередов мәлімдеді.

«Біз ауқымды күн тәртібін талқыладық. Бірақ сапарымның басты мақсатын Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың биыл күзде Түркіменстанға ресми сапарына дайындық болып табылады», - деп ол ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен бүгін Астанада кездесу қорытындысы бойынша мәлімдеді.

«Біз көрші мемлекеттер, біз бауырлас халықтар, бүгінгі таңда елдеріміз арасындағы қатынастардың жоғары деңгейі берік тарихи негізді ата-бабаларымыз салғанын растайды», дейді Р.Мередов.

Ол екі ел арасындағы қазіргі қатынастар қарқынды дамып отырғанын айтты.


Бұған екі ел президенттері жүргізіп отырған сенімді саяси диалог ықпал етіп отыр, дейді ол.

Е.Ыдырысов өтен келіссөздердің қорытындысына қанағат білдірді.

«Біз күн тәртібіндегі барлық мәселелерді жан-жақты талқыладық. Басты мәселе – Қазақстан президентінің биыл Түркіменстанға сапарына сапалы дайындық», - дейді ол.

Е.Ыдырысов Қазақстан президентінің Түркіменстанға сапары елдеріміз арасындағы қатынастардың жаңа мүмкіндіктерін ашады деген сенімде.