"Мен үшін Қазақстандағы Латвия елшілігін ашу зор мәртебе. Екі ел арасындағы экономикалық байланыстар өзара тиімді болады деп сенемін",- деді Қазақстандағы Латвия Республикасының төтенше және өкілетті елшісі Ретс Плесумс.
Монғолияның Қазақстандағы елшісі болып тағайындалған Равдангийн Хатанбаатар өз елінің Қазақстанмен сауда-экономикалық байланыстар орнатудан мүдделі екенін жеткізді.
Венгрия Республикасының елшісі Янош Неметтің хабарлауынша, "Венгрия елі білім беру мен денсаулық сақтау саласын дамыту бағдарламаларына атсалысу арқылы Қазақстанның экономикалық дамуына өз үлесін қосуға дайын".
ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, Қазақстан мен Венгрия арасындағы дипломатиялық байланыс 1991-жылдың желтоқсанында, ал Латвия және Монғолия елдерімен арадағы дипломатиялық байланыс 1992-жылы орнаған.
2005-жылдың алғашқы жартысының нәтижесі бойынша, Балтық жағалауы елдерінің арасынан Латвия Қазақстанның сауда-саттық саласындағы жетекші әріптесі болып табылады. Екі ел арасындағы тауар айналымы 80 млн. долларға жетті. Ал Қазақстан мен Венгрия арасындағы тауар айналымы биылғы жылдың алғашқы жартысында 76 млн. долларды құрады. Қазақстан мен Монғолия арасындағы тауар айналымы 2003-жылы 11,7 млн. доллар болды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті