"Лондон қор биржасы әлемдегі ірі қорлардың бірі. Онда шамамен 500-ге жуық компания тіркелген. Лондон биржасының басты нарығында қазақстандық төрт компания: "Қазкоммерцбанк" АҚ, "Қазақмыс" АҚ, "КазахГолд Групп Лимитед", АҚ ""ҚазМұнайГаз" Барлау Өндіру" АҚ өз акцияларын тіркеген.
Қазақстан президенті Лондон-Сити мэрі Джордж Статтардпен кездесіп, "Қазақстан болашаққа жол" атты конференцияға қатысты. Баспасөз хабарламасында көрсетілгендей , "конференцияға қатысушылар Қазақстан мен Ұлыбританияның іскерлік орталарының өкілдері екі ел арасындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мәселелерін талқылады".
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті