Қазақстан президенті Люксембургтың жоғарғы наградасы Емен тәжі орденіне лайық деп танылды

ҚР президентінің баспасөз қызметі таратқан баспасөз баянында түсіндірілгендей, Емен тәжі орденін Нидерланды королі және Люксембургтың Ұлы герцогы Вильгельм ІІ тағайындаған. Емен тәжі орденімен Люксембург халқының алдында айрықша азаматтық және әскери еңбек сіңірген, сондай-ақ, үлкен шығармашылық табыстарға қол жеткізген тұлғалар марапатталады. Ерекше жағдайларда орден шетел азаматтарына берілуі мүмкін, деп толықтырылған хабарламада.

Өз кезегінде Қазақстан басшысы Н. Назарбаев Люксембургтың премьер-министріне І дәрежелі "Достық" орденін тапсырды.

"Достық" ордені 1995 жылы шығарылған. Онымен қоғамда өзара келісімді сақтау бойынша жемісті еңбек еткен, халықтар арасындағы бейбітшілік, достық және ынтымақтастықты нығайтуға айрықша үлес қосқан азаматтар марапатталады.