"Мұхтар Құл-Мұхаммед әкім қызметін ойдағылай атқарды, бірақ ол маған қажет, сол себепті мен оны өз жаныма қайтарып алдым", - деді Н. Назарбаев. М. Құл-Мұхаммед мәдениет және ақпарат министрлігін басқарумен бірге ҚР вице-премьері қызметіне тағайындалады, деп хабарлады агенттікке президент әкімшілігіндегі ақпарат көзі.
М. Кұл-Мұхаммед түрлі жылдарда парламент депутаты, мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі, мемлекет басшысының баспасөз хатшысы және кеңесшісі, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасары қызметін атқарды.
Қызылорда облысының жаңа әкімі болып Болатбек Қуандықов тағайындалды, ол бұған дейін Ұлттық банкте, Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігі салалық органдардың шығынын жоспарлау департаментінің директоры, төтенше жағдайлар вице-министрі, президент әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-кадр бөлімінің мемлекеттік инспекторы болған.