Қазақстан президенті Мәскеудегі жарылыстан қаза тапқандардың туыс-туғандарына қайғырып көңіл айтты

"Қазақстандықтар Ресей астанасындағы жаңа лаңкестік әрекет туралы ақпаратты зығырданы қайнай қарсы алды",- делінген құжат мәтінінде. "Халықаралық лаңкестердің қолынан бейкүнә бейбіт тұрғындардың қаза табуы қазіргі заманғы осынау алапат қауіп-қатермен күресте күш біріктіру қажет деген пікір-ұстанымымызды нығайта түсуде",- деді Елбасы.

Ресейлік БАҚ-тардың мәліметі бойынша, Мәскеудегі кешегі жарылыс салдарынан 10 адамның өмірі қиылып, 51 адам жараланған. Жарылысты жанкешті-әйел жүзеге асырды деген болжам бар.