Қазақстан Президенті мәскеулік метрода құрбан болғандардың туған-туыстарына көңіл айтты

Мәскеу метросындағы апат салдарынан адамдардың қайтыс болғаны туралы қайғылы хабар Н.Назарбаевқа ауыр тиді, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Қазақстан халқы және өз атымнан марқұмдардың туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын, сондай-ақ апатта зардап шеккендердің барлығы тезірек жазылсын деген үміттемін», - делінген жеделхатта.

Елбасы бауылас Ресей халқына бекем болуды тіледі.


Бұрын хабарланғандай, мәскеулік метрода 15 шілде күні сағат таңғы 08:30 шамасында пойыздың үш вагоны рельстен шықғып кеткен.

Соның салдарынан жиырма шақты адам қайтыс болып, 160-тан астам адам зардап шекті.

Тергеу бұл теракт емес, техногенді апат деген пайымдау келтіруде.