Қазақстан президенті медицина, білім беру, халықты әлеуметтік қорғау салаларының қызметкерлеріне арналған әлеуметтік пакетті қайта қарауды тапсырды

қызметкерлеріне арналған әлеуметтік пакетті қайта қарауды тапсырды, бұл түптеп келгенде осы санаттағы қызметкерлердің жалақысы көлемінің арттырылуын қамтамасыз етуге тиіс.

"Үкіметке 2015 жылдың 1-шілдесінен азаматтық қызметшілерге ақы төлеудің жаңа моделін енгізуді тапсырамын", деді Н.Назарбаев жұмада Астанада жолдауында.

"Дағдарыс жылдарына қарамастан зейнетақыны, мұғалімдер мен дәрігерлердің жалақысын 2-3 есеге арттырдық, бірақ азаматтық қызметшілердің жалақысы ескерілмепті, соны сәйкестендіру керек", деді ол.

Президенттің айтуынша, осы жұмыс нәтижесінде денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің жалақысы 28%, білім беру саласында 29%, халықты әлеуметтік қорғау саласында 40% дейін арттырылуы қамтамасыз етілуге тиіс.