"Бұл аса маңызды сыйлық, ол сіздердің Астана құрылысын салу секілді ұлы іске атсалысқандырыңыздың белгісіндей жадыңызда сақталып қалатын болады", - деді Н. Назарбаев.
"Астананың табысы - бүкіл елдің табысы. Астана арқылы, оның табыстары арқылы Қазақстан танылады. Біз баршамыз қаланы қазіргі заманғы, көрікті, Еуразияның нағыз жүрегі ретінде дамыту үшін жұмыс істеп жатырмыз ", - деді президент.
Атап айтсақ, мерейтойлық медальдармен Конституциялық кеңес төрағасы Игорь Рогов, Жоғарғы сот төрағасы Қайрат Мәми, Бас прокурор Рашид Түсіпбеков, Ұлттық банк төрағасы Әнуар Сәйденов, ОСК төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов, ҰҚК төрағасы Амангелді Шабдарбаев, Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмыстармен күрес агенттігінің төрағасы Сарыбай Қалмырзаев, Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев марапатталды.
Сондай-ақ, аталған медаль қорғаныс министрі Даниал Ахметовқа, СІМ Марат Тәжинге, ІІМ Бауыржан Мұхамеджановқа, президенттің күзет қызметінің жетекшісі Мұхтар Аюбаевқа, республикалық ұлан командирі Абай Тасболатовқа, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Габидулла Әбдірахымовқа, Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Берік Имашевқа табыс етілді.
Сонымен бірге, мерейтойлық медальға президенттің көмекшілері Әсет Исекешев, Ержан Қазыханов, президент әкімшілігі жетекшісінің орынбасарлары Мәулен Әшімбаев, Дархан Қалетаев, отбасы істері және гендердік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Гүлшара Әбдіхалықова, президенттің кеңесшілері Нұрлан Балғымбаев, Нұртай Дүтбаев, президент хаттамасының бастығы Бауыржан Байбек, президенттің баспасөз хатшысы Ерлан Байжанов ие болды.