А.Миллердің айтуынша, Орынбор мұнай өңдеу зауытының негізінде бірлескен кәсіпорын құру жобасының аясында "Қарашығанақ кенішінен шыққан газды жеткізуге ұзақ мерзімді келісім-шартына қол қою көзделген".
"Бұл - ауқымды жоба және ол Қазақстан үшін де, Ресей үшін де бірдей тиімді",- деді А.Миллер.
Сонымен бірге "Газпром" басшысы президентпен кездесуде бүгін қол қойылған Орталық Азия газын Қазақстан аумағы арқылы, Қазақстан газын Ресей аумағы арқылы транзитті тасымалдау туралы 5 жылдық орта мерзімді келісім-шарты туралы талқыланғанын хабарлады. "Бұл өзара ынтымақтастықтың жаңаша кезеңге көтерілгенін айғақтап береді",- деді ол.
"Газпром мен жалпы Ресейлік бизнес Қазақстанда өзін еркін сезінеді. Бұған президент Назарбаев - кепіл",- деді А.Миллер.