Қазақстан президенті мен Литва сыртқы істер министрі екі жақты ынтымақтастықтың келешегін талқылады

"Біз президент екеуіміз Литва мен Қазақстанның саяси, экономикалық және мәдени салалардағы екі жақты ынтымақтастығының келешегін талқыладық", деді Петрас Вайтекунас президентпен кездесуден кейін өткізілген брифингте. "Атап айтсақ, инвестициялар, энергетика, қуат көздерін шығаратын жолдарды әртараптандыру және энергетикалық қауіпсіздікке қол жеткізу жайын талқылап, көлік және егін шаруашылығы салаларындағы ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелерді қарастырдық",- деді ол.

Литваның екі ел арасындағы байланыстарды нығайтуға деген қызығушылығын атап өткен елші "Қазақстанның экономикалық қуатына, экономика мен қоғамдық өмірдегі реформаларға қарай жетекші ел екенін" атап өтті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті