"Қазір біз Еуразияның орталығына айналатын қаланы салып жатырмыз. Бүгін іргетасы қаланатын бұл нысан соның нақты бір дәлелі",- деді Елбасы журналистерге берген сұхбатында. Ол осы орайда Есілдің солтүстік жағалауындағы Астана қаласының жаңа әкімшілік орталығы аумағында республика парламенті сенатының ғимараты "араб үлгісіне сәйкес" салынып жатқанын, ал "Москва" сауда кешенінің ғимараты жаңа әкімшілік орталықтың сәулетіне "еуропалық" сипат беретінін атап өтті.
Ал Мәскеу қаласының мэрі Юрий Лужков "Москва" сауда кешені Астанаға ат басын тіреген Ресейліктер үшін "туған үйінің бір бұрышындай сезілетін болады" дегенге сенім білдірді.
"Москва" сауда орталығының аумағы 10 мың шаршы метрді, ғимараттардың жалпы аумағы 74 мың шаршы метрді, сауда-саттық орындарының аумағы 17 мың шаршы метрді, кеңсе ғимараттары 38 мың шаршы метрді иемденеді.