Қазақстан президенті мен Жапония премьері екіжақты ынтымақтастық перспективасын талқылады

Кездесу барысында Қазақстан-Жапония ынтымақтастығының даму перспективасы талқыланды.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев пен премьер-министр Ясуо Фукуда екі елдің көптеген халықаралық өзекті мәселелер тұрғысындағы ұстанымдары сәйкес келетіндігін хабарлады, деп көрсетілген баспасөз-релизінде.

"Мемлекет басшысы келіссөздердің қорытындысын жоғары бағалады. Олардың саясат пен экономика, технология мен мәдени-гуманитарлық салаларда екі ел үшін жаңа мүмкіндіктер ашатыны мәлім", - деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Журналистерге берген брифингте Н. Назарбаев "Қазақстан-Жапония стратегиялық ынтымақтастығының жандана түсуі уақыт талабы", - деп ата көрсетті.

Бірлескен мәлімдемеде Қазақстан президенті мен Жапония премьер-министрі саяси диалогты табысты дамытуға деген берік ниеттерін білдірді, деп көрсетілген баспасөз-релизінде.