Бұл туралы президент жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің ресми өкілі Алтай Әбибуллаев мәлімдеді.
Нидерланды үкімет басшысы Марк Рюттенің шақыруымен биыл 23 наурызда Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Нидерландыға ресми сапармен барады», - деп ол бүгін Астанада Орталық коммуникациялар қызметінде өткен қысқаша баспасөз мәслихатында атап көрсетті.
24-25 наурызда Н.Назарбаев Гаагада өтетін ядролық қауіпсіздік жөніндегі кезекті саммитке қатысады.
Келіссөздер қорытындысы бойынша екіжақты құжаттарға қол қойылады.