Елбасы Атырауда ашылған химия-биологиялық бағыттағы Назарбаев зияткерлік мектебіне барады деп жоспарланған. Бұл туралы облыстық әкімдіктің баспасөз қызметінен хабарлайды.
Сондай-ақ Мемлекет басшысы Атырау мұнай өңдеу зауытындағы құрылысы жүріп жатқан, хош иісті көмірсутектерін - жылына 133 мың тонна бензол мен 496 мың тонна параксилол шығаратын мұнайды тереңдете өңдеу кешенінде болады, деп күтілуде.