Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев ТМД елдерінің мемлекет басшыларының бейресми кездесуіне қатысу үшін Санкт-Петербургке келді

Пулково әуежайында президентті ТМД Атқару комитетінің төрағасы- атқарушы хатшы Сергей Лебедев, Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы елшісі Нұртай Әбіқаев және басқа да ресми тұлғалар қарсы алды.

Н. Назарбаев РФ президенті Дмитрий Медведевтің шақыруымен келді. Кездесу барысында тараптар өзара ынтымақтастыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасын қарайды.