"Барша Қазақстандық оқушылар мен мұғалімдерді 1-қыркүйек - білім күнімен құттықтаймын. Сауатты әрі білімдар ұрпақ тәрбиелеу үшін мемлекет қаржы аямайтын болады",- деді президент.
№51 мектепті салуға республикалық бюджеттен 716 млн. теңге бөлінді. Мұндағы оқу-тәрбие жұмыстары қазақ тілінде жүргізіледі.
Мемлекет басшысының хабарлауынша, биыл 280 мың бала алғаш рет мектеп табалдырығын аттаса, 224 мың бала мектеп бітіреді. Қазақстан бойынша жалпы 8260 мектеп бар, оларда 3 млн. оқушы оқиды. 2007-жылға дейін елімізде тағы 249 мектеп салынады.