Қазақстан президенті орнынан үміткер журналдың бас редакторы Қалыбай мемлекеттік тіл туралы емтиханнан өтті


"Жазба жұмысы тамаша жазылған, бір қате жоқ. Мәтінді жоғары деңгейде оқып шықты.Емтихан қорытындысы бойынша лингвистикалық комиссия Ж.Қалыбай қазақ тілін жетік біледі, деген шешімге келіп отыр”, деді М.Жолдасбеков дүйсенбіде журналистерге.
Президенттік кезектен тыс сайлау 26-сәуір күні өтеді. "Аңыз Адам" журналының бас редакторы Ж.Қалыбай өткен жылы басылымның сәуір айындағы санын Адольф Гитлерге арнаған болатын. Онда нацистік лидердің өмірі туралы айтылып, досы Август Кубичектің айтқандары келтірілген, "Майн Кампфтан" үзінділер берілген еді. Журналда фюрер өмірінен бірқатар суреттер басылған болатын.
Ұлы Отан соғысының ардагерлері оның үстінен арыз берген. Бас редактор олардан кешірім сұрап, моральдық өтемақы төлеген.
Сонымен қатар 2013 жылы қыркүйекте Ж.Қалыбай ұшақ бортында мас күйінде жасаған бұзақы іс- қимылдары үшін үш тәулікке қамауға алынған еді.