Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев сәрсенбіде екікүндік жұмыс бабындағы сапармен Павлодар облысына келді.
"Интерфакс-Қазақстанға" облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметінен хабарлағандай, елбасы нефрологиялық орталықта және күйдірілген мұнай коксын шығаратын "УПНК-ПВ" ЖШС зауытында болады деп көзделген.
Бейсенбіде президент жастармен кездеседі және сауда орталығында болады.