Қазақстан президенті Пекин Олимпиадасына барады

"Сіздерге оңай болмайтынын, бәсекенің үлкен болатынын біз білеміз. Бірақ біз сіздерге сенеміз", -деді мемлекет басшысы. "Сол себепті мен сіздермен бірге осы Олимпиада ойындарына барамын", - деді ол.

Пекиндегі XXIX жазғы Олимпиада ойындары тамыздың 8 мен 24 аралығында өтеді, онда 41 спорт түрі бойынша 302 медаль кешені сарапқа салынады. Бұл ойындарға әлемнің 203 елінен 10,5 мыңнан астам спортшы қатысады.