Бүгін, 14-қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясының қабырғасында 1,5 сағатқа созылған емтиханнан кейін журналистерге сұхбат берген Н.Назарбаев : "мен қазақ тілін білу туралы талапқа сай емтихан тапсырып жақсы баға алып шықтым",- деп мәлімдеді.
Қазақстан заңдарына сәйкес ел президенттігінен үміткерлердің бәрі де мемлекеттік тілді еркін меңгерген болуға тиіс. Бұл талапты тексеру үшін арнаулы лингвистикалық комиссия құрылады. Емтихан барысында үміткерлер берілген тақырыпқа шығарма жазып, сұрақтарға қазақша жауап беріп, қазақ тілінде 15 минут сөз сөйлеуге тиіс.
Өздеріңізге мәлім, Қазақстандағы кезекті президент сайлауы 2005-жылдың 4-желтоқсанында өтеді.
>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті