"Біздің кейбір зиялылар орыс тілінің осылайша қолданыста жүргенін сынайды. Ал менің пікірімше , қазақтардың орыс тілін жетік меңгергендігі , тіпті кейбір орыстардан да жақсы білетіндігі үлкен игілік",-деді Елбасы қазақстандық жас ғалымдармен кездесуі барысында.
"Адам қаншалықты көп тіл білсе, соншалықты мәдениетті болады. Ал қазақтарға білім орыс тілі арқылы келмесе қайдан келді",-деп атап өтті ол.
"Мен мұны көрші елді мадақтау үшін айтып отырғаным жоқ, бұл шынайы шындық, онымен санасу керек",-деп мәлімдеді Н.Назарбаев.
"Біз стратегиялық серіктеспіз. Қазақстанның Ресей үшін де солай екеніне үміттенемін",-деді ол.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті