Қазақстан президенті ҚХР мен Жапония елшісін еліміздегі миссиясы аяқталуға байланысы қабылдады



"Осыдан екі жыл бұрын сенімхатын тапсырған кезде сіздің президент маған мұнай құбыры мен газ құбырын тарту туралы екі тапсырма жүктеген еді. Біріншісін мен абыроймен орындап шықтым, ал екінші міндетті өкінішке орай орындап үлгермей барамын",- деп қорытты өзінің Қазақстандағы жұмысын Ч.Сяопэй.
ҚХР-ның төтенше және өкілетті елшісінің айтуынша, Атасу-Алашанькоу мұнай құбыры биылғы жылдың 16-желтоқсанында пайдалануға беріледі. "Біздің бұл Қазақстанның ұлттық мерекесіне тартар үлкен сый-сыяпатымыз болмақ",- деді ол.
Ал Жапонияның еліміздегі төтенше және өкілеті елшісі Тосио Цунодзаки мемлекет басшысымен жүздесуден кейін болған брифингте : "Қазақстан мен Жапония арасындағы екі жақты байланыстарды нығайтуға қосқан үлесім үшін Нұрсұлтан Назарбаев мені "Құрмет" грамотасымен марапаттады. Бұл мен үшін үлкен мәртебе", - деп атап көрсетті.
Т.Цунодзаки Қазақстанда жұмыс істеген мерзімде өзіне қолдау көрсеткен жандарға ризашылығын білдірді.
ҚР СІМ-нің ақпаратына сәйкес, Қазақстан мен ҚХР арасындағы тауар айналымы 2004-жылы 4,5 млрд. долларды құраған. Ал Жапония мен ҚР арасындағы экономикалық ынтымақтастық Дамуға ресми көмек деп аталатын бағдарламаның желісімен жүзеге асырылды. Дамуға ресми көмек бағдарламасы жүзеге асырылған жылдардың ішінде Қазақстанға жалпы 1 млрд. доллардың, соның ішінде ұзақ мерзімді несиелер бойынша 880 млн. доллардың, техникалық ынтымақтастық бойынша 87 млн. доллардың , ал қайырымдылық көмек түрінде 46 млн. доллардың көмегі көрсетілді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті