"Бұл - президент алға қойған басты міндет. Штаб белсенділерінің басты мақсаты - нәтижесі қазақстандықтар мен халықаралық қоғамдастықтың күдік-күмәнін тудырмайтындай етіп, сайлауды әділетті, ашық әрі еркін өткізуді қамтамасыз ету болып табылады",- деді Б.Жұмағұлов.
Штабқа "Отан", "Асар", Демократиялық партия, Аграрлық және Азаматтық партиялардың жетекшілері, бизнес , шығармышылық зиялы қауым өкілдері мен отандық спорт майталмандары енді.
"Президентті жақтаушы күштердің жаңа бірлестігі президенттіктен үміткер Нұрсұлтан Назарбаевтың кандидатурасын қолдау, сайлау алдындағы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу мен үміткердің сайлау алдындағы тұғырнамасына түсіндірме жүргізуді мақсат тұтады",- деді Б.Жұмағұлов.