Елбасы ұшағы Қостанай қаласына түс кезінде келіп қонды. Н. Назарбаев облыстың Қостанай ауданының егіс алқаптарын аралады.
Қазіргі уақытта мемлекет басшысы "Тобыл" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясында жиналыс өткізуде. Онда барлық 7 ӘКК басшылары жиналған.
Сапар аясында президент қостанайлықтарды қаланың 129 жылдығымен құттықтап, рапс майын өндіретін зауытты тамашалайды деп жоспарланып отыр.