Алматы облысының әкімі болып Серік Үмбетов тағайындалды.
Ш.Құлмаханов 1946-жылы Алматы облысының Құйған ауылында туған. В.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген, мамандығы - құрылыс инженері, экономика ғылымдарының кандидаты. Еңбек жолын 1963-жылы кеңшарда ағаш шебері ретінде бастаған. 1992-жылдың ақпан айында Ақтөбе облыстық әкімшілігінің басшысы болып тағайындалды. 1993-жылдың қазан айында ҚР мемлекеттік кеңесшісі болып тағайындалды. 1994-жылдың маусым айы мен 1997-жылдың маусым айлары аралығында Алматы қаласының әкімі болды. 1999-жылдың қаңтар айында ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің төрағасы болып тағайындалды. 2001-жылдың мамыр айында Алматы облысының әкімі қызметіне ауысты.
С.Үмбетов 1950-жылы Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Зоомалдәрігерлік институтты зоотехник мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1968-жылы кеңшарда жұмысшылықтан абстады. 1996-жылдың наурыз және 1997-жылдың желтоқсан айлары аралығында Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 1999-жылдың ақпан айынан бастап Жамбыл облысын басқарды. 2004-жылдың мамыр айында ҚР ауылшаруашылығы министрі болып тағайындалды.