Қазақстан президенті Қырғыз ақынына жолдау жіберді

Жолдауды табыс ету рәсімі Қырғызстандағы Қазақстан елшілігінде өтті. Елшінің айтуынша, С.Жүсіпов Қырғызстанда қазақ ақындарының өлеңдері жинағын басып шығарғаны үшін мәртебелі сыйлыққа ие болып отыр. Кітапқа қазақстандық 46 автордың қырғыз тіліне тәржімаланған туындылары енгізілген.

Елшіліктегілердің айтуынша, Қазақстан президентінің осындай жолдауы аса құрметті мәдениет, өнер және ғылым қайраткерлеріне ғана табыс етіледі.