Қазақстан президенті ресми сапармен Австрияға барады

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, сапар барысында Қазақстан президенті Австрияның мемлекет басшысы Хайнц Фишермен кездеседі. Н.Назарбаев дүниежүзілік жетекшілер арасынан сөйтіп Австрия Республикасының осыдан екі ай бұрын ғана қызметке кіріскен жаңа президентімен бірінші болып жүздеспекші.

Бұған қоса Қазақстан мемлекет басшысы Венада аккредитацияланған түрлі халықаралық ұйымдардың өкілдерімен кездеседі.