Қазақстан президенті ресми сапармен Грузияға барды



Н.Назарбаев Грузияға сапарын Аджария автономиялық республикасынан бастады. Батуми әуежайында Елбасын Грузия мемлекет басшысы Михаил Саакашвили мен Аджария үкімет басшысы Леван Варшалонидзе күтіп алды.
Н.Назарбаев Батуми теңіз сауда айлағының жұмысымен танысты. Журналистерге арналған баспасөз мәслихатында Қазақстан президенті екі мемлекет арасындағы дәстүрлі достық байланыс пен экономикалық ынтымақтастықтың қазіргі бар әлеуетін атап өтті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті