Е. Ашықбаевтың нақтылауынша, ресми сапар ағымдағы жылдың 15 - 18 наурызына межеленген. Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екі жақты ынтымақтастықты дамытудың келешегі талқыланады. Атап айтсақ, Оманның Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары жөніндегі кеңестің іс-қызметіне, әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайына, Қазақстанның басқа да халықаралық бастамаларын ілгерілетуге атсалысу жайы талқыланады.
"Қазақстан - Оман үкіметаралық комиссиясын құру, екі елдің іскерлік кеңесін құру, мұнайгаз саласы мен еліміздегі басқа да инвестициялық жобаларға Оман инвестициясын тарту - тараптардың келіссөздерінің экономикалық блогын құрайды", - деді СІМ өкілі.
Оның айтуынша, сапар аясында бірқатар екі жақты құжаттарға қол қою жоспарланған.