Қазақстан президенті ресми сапармен Словакияға барады

Баспасөз қызметінің хабарламасына сәйкес, мемлекет басшысының Братиславаға ресми сапары аясында қазақстандық және словакиялық іскертоп өкілдерінің қатысуымен бизнес-форум өткізіледі. "Форум шеңберінде ауылшаруашылығы, машина жасау, автокөлік жасау және транспорт, атом және жел энергетикасы, жеңіл өнеркәсіп, туризм, денсаулық сақтау және құрылыс саласында бірлескен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндіктері талқыланбақшы", - делінген хабарламада.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті