Қазақстан президенті ресми сапармен Украинаға барады

Е.Ашықбаевтың хабарлауынша, сапар барысында бірнеше келісімге қол қойылады. "Мемлекет басшылары қол қоятын құжаттардың арасынан екі мемлекеттің алдағы 2 жыл аясындағы ынтымақтастығын айқындап беретін "жол картасы" атауына ие болған 2006-2007-жылдарға арналған "Қазақстан-Украина" шаралар жоспарын еректе атауға болады",- деді ол.

Сонымен бірге елшінің айтуынша, Қазақстан және Украина президенттерінің бірлескен мәлімдемесіне, әскери-техникалық ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімге, Қазақстанның Алматы облыстық әкімшілігі мен Украинаның Киев облыстық мемлекеттік әкімшілігі арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті мен Т.Шевченко атындағы Киев ұлттық университеті арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылады.