Қазақстандағы орыс общинасының жетекшісі Юрий Бунаковтың айтуынша, грант мөлшері айына 15 мың теңгені құрайды. "Бұл қаржы біздің жарғылық іс-қызметімізді жүзеге асыруға арналады",- дейді ол.
Қазақстан халықтарының ассамблеясы төрағасының орынбасары Жұматай Әлиевтің баспасөз мәслихатында журналистерге хабарлауынша, республикадағы ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдерімен болған әңгіме барысында мемлекет басшысы "қазақстан ұлтын қалыптастыру" идеясын ортаға салды. "Бұл ауқымды ғылыми еңбек, біз бұл идеяны кеңінен талқыға салып, ой елегінен өткізуге тиіспіз",- деді Ж.Әлиев.