Қазақстан президенті республиканың дамуында бірінші кезекте экономикаға, содан кейін барып қана саясатқа басымдық берілуге тиіс деген пікірде



"Біз басымдықтарды белгілегенде бірінші орынға экономиканы, содан кейін барып қана саясатты қоюға тиіспіз",- деді Н.Назарбаев.
"Қазақстанды дәл осындай формула бойынша әлі де 20 жыл басқару дұрыс дегенге шүбә келтірмеймін",- деді ол.
Н.Назарбаевтың айтуынша, жуырда ғана оның өтінішімен бірқатар әлемге танымал саясаттанушылар Қазақстанда бірнеше ай болып, өз нұсқауларын дайындап берген. Бұл нұсқаулардың түпкі мәні тәуелсіздіктің 35 жылдығынан кейін ғана Қазақстан толыққанды демократияға жол бере алады дегенге саяды, дейді мемлекет басшысы. Бұл - орта тап әбден қалыптасқанда ғана мүмкін болмақ, деді президент. "Орта тап өкілдері сайлаушылардың 65 процентін құраған жағдайда ғана қоғам кемеліне келді , оны кері бұруға жол жоқ деп нық сеніммен айтуға болады. Сонда ғана Қазақстанда биліктің кез-келген жүйесіне көше беруге болады",- деді Н.Назарбаев.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті