Қазақстан президенті РФ Мемлекеттік думасының төрағасын қабылдады

"Біз экономиканы дамыту, оны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету, екі елде жүзеге асырылып жатқан жаңартулар туралы талқыладық",- деді кездесуден кейін журналистер алдына шыққан Б.Грызлов.

"Ең бастысы, Біртұтас экономикалық кеңістікке бірігу туралы мәселеге ешкім де күмән келтірмейді",- деді ол. Сонымен бірге, Б.Грызловтың айтуынша, кездесу барысында Қазақстан-Ресей мемлекеттік шекарасын делимитациялау мәселесі де сарапқа салынған. "Екі ел арасындағы шекара мәселесі дерлік реттелген. Ендігі кезекте мемлекетаралық шекара туралы келісімге қол қойылады деп күтеміз",- деді ол.
Сондай-ақ, РФ Мемлекеттік думасының төрағасы мен Елбасы арасындағы сұхбат барысында Ресейдегі саяси реформалар мен Украинадағы ахуал туралы да сөз болды.