Қазақстан президенті Рим папасының қайтыс болуына байланысты азалы кітапқа қолтаңбасын қалдырды

"Ол адамгершілік және адамдық рухы биік, ғаламдық деңгейдегі жан еді. Ол түрлі конфессияларға қарайтын адамдар арасында өзара түсіністік пен бейбітшілік орнату үшін көп нәрсе тындырды",- деді Н.Назарбаев.

Елбасы понтификтің 2001-жылы елімізге келгенін есіне алды. "Рим папасы көп ұлтты Қазақстанда адамдардың бейбіт өмір сүріп жатқанын жоғары бағалаған еді. Елімізде сенім мен түсіністік орныққан",- деді мемлекет басшысы.
"Өз басым Рим папасымен Ватиканда үш мәрте бетпе-бет жүздескен едім. Мұндай жақын таныстық қайғыны тереңдете түседі. Дінбасының дұғалары бізді қолдап, ізгілік пен жанашырлыққа шақыра бермек. Барлық кардиналдар мен дүниежүзінің католиктеріне қайғысына ортақтаса көңіл айтамын",- деді ҚР президенті.