Қазақстан президенті Сирия мемлекет басшысы Башар Асадты елімізге келіп қайтуға шақырды

"Мен Сирия президенті Башар Асадты алғашқы сапармен Қазақстанға келіп қайтуға шақырдым", - деді Н. Назарбаев Дамаск қаласында Сирия жетекшісімен келіссөздерден кейін өткен баспасөз мәслихатында. Ол екі ел арасындағы ықпалдастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап көрсетті.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үш күндік мемлекеттік сапармен Дамаскіде жүр. 6 қарашада Н. Назарбаев сапар бағдарламасына сәйкес Сирия үкімет басшысы Наджи эль-Утримен кездеседі. Сонымен бірге, мемлекет басшысы сапар аясында ғұлама әл-Фараби зиратының басында тарихи-мәдени орталық пен кесене салу жобасының іргетасын қалау рәсіміне және Сұлтан Бейбарыстың кесенесін қайта қалыпқа келтіру жобасының тұсаукесеріне қатысады. Аталған жобаларға Қазақстан үкіметі қаржылық қолдау көрсетіп, 4,6 млн. АҚШ долларын бөліп отыр.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті