Н.Назарбаев Қазақстан халқының атынан және жеке өз атынан қаза тапқандардың туыс-туғандарына қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.
"Ресейдің сепаратистер, діни экстремистер мен халықаралық лаңкестерге қарсы әділетті күресін Қазақстан қолдап келген және қолдай береді",- делінген Елбасының жеделхатында.
Мемлекет басшысы лаңкестікке қарсы күресте Қазақстанның жан-жақты қолдау көрсетуге әзір екенін білдірді. "Алдағы Астана кездесуінде осынау ғаламдық қатерді ауыздықтауға бағытталған нақты шараларды талқылауға әзірміз",- делінген жеделхатта.