Қазақстан президенті Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап қалуды құптайды

"ТМД өз мүмкіндіктерін сарқа қойған жоқ. Оны баршамызды біріктіретін ұйым ретінде, сондай-ақ, экономикалық интеграция мен халықтардың әл-ауқатын жақсарту үшін сақтап қалу қажет",- деді Н.Назарбаев.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ТМД органдарын жаңалау туралы идеяны Қазақстан президенті Астанада 2004-жылы өткен ТМД саммитінде ортаға салған болатын.