"Сапар аясында, 13 қыркүйекте, екі ел президенттерінің қатысуымен Қазақстан және Тәжікстан бизнесі өкілдеріне арнап "Қазақстан-Тәжікстан: инвестициялық ынтымақтастық перспективалары" атты бизнес-форум өткізу межеленген",- делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Бизнес-форум барысында экономиканың шикізаттан өзге салаларындағы өзара тиімді ынтымақтастық мәселелерін талқылау межеленген.