Қазақстан президенті Тәжікстанмен арадағы саяси әріптестік жоғары деңгейде екенін атап өтті

"Екі ел арасындағы саяси әріптестік аса жоғары деңгейде ", - деді Н. Назарбаев. "Біз сенімді саяси әріптес болып табыламыз және Қазақстан өзекті аймақтық және халықаралық мәселелер бойынша біздің бастамаларымыз бен ұсыныстарымызды тұрақты қолдайтындығы үшін Тәжікстанға дән риза", - деді ол.

Мемлекет басшысының атап көрсеткеніндей, "ынтымақтастықтың табысты мысалы ретінде елдердің Азиядағы өзара сенім және ықпалдастық шаралары жөніндегі кеңес ұйымы шеңберіндегі әріптестігін, сондай-ақ, Тәжікстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасау жөніндегі Қазақстанның кандидатурасын үлкен белсенділікпен қолдауын атауға болады".