Қазақстан президенті үкіметке 1 қыркүйекке дейін еліміздің біртұтас жастар саясатын қалыптастыру құжаттарының қоржынын дайындауды тапсырды

"Үкіметке 2008 жылдың 1 қыркүйегіне дейін құжаттар қоржынын дайындауды және осы орайда бүгін сьезге қатысушылар айтқан ұсыныстарды ескеруді тапсырамын", -деді үкімет басшысы.

Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев президенттің жанынан жастар саясаты жөніндегі арнаулы кеңес құруға шешім қабылдағанын жеткізді. "Кеңес жастар саясатын үйлестіріп, "Нұр Отан" ХДП-ның жастар қанаты - "Жас Отанның" атқару комитетімен етене жақын байланыста жұмыс істейтін болады", -деді ол.

Қазақстан мемлекет басшысы президент әкімшілігіне осы кеңесті құруға қажетті шараларды қолдануды тапсырды.