Қазақстан президенті үкіметке Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын жасауды тапсырды

"Мен кеше мемлекет басшысынан Қазақстанның 2020 жылға дейінгі даму бағдарламасын жасау жөніндегі үкімет басшысы басқаратын жұмыс тобын құру жөнінде тапсырма алдым", -деді Кәрім Мәсімов.

Осыған байланысты ол өз орынбасары Ербол Орынбаевқа тиісті бұйрық дайындауды жүктеді.

"Бізде бұл жұмысқа бір жыл уақыт бар, нәтижесін біз Елбасына 2009 жылдың қыркүйегіне дейін таныстыруға тиіспіз", - деді премьер.

Қазір Қазақстанның 2010 жылға дейінгі даму бағдарламасы бар екені белгілі.