Қазақстан президенті Украинаға 2007-жылдың 28-қаңтарында барады

"Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Украинаға сапары 2007-жылдың 28-қаңтарына белгіленген",- деді Украина үкімет басшысы. "Осы жолы Украина жағы жасаған ұсыныстар сапарға дейін нақтыланады, бірқатар бағыттар бойынша осы сапар кезінде біз нақты шешім қабылдаймыз деп ойлаймын",- деді ол.

Украина үкімет басшысының хабарлауынша, "Н.Назарбаевпен кездесу барысында екі ел экономикасының энергетика, ауылшаруашылығы, машина жасау салаларындағы екі жақты ынтымақтастық мәселелері талқыланды".

"Өзара ынтымақтастықтың өзекті бағыттарының бірі - энергетика саласы. Бұл салада Қазақстан аумағында, сондай-ақ, мүмкін, Украина аумағында да мұнай мен газ өндіруді бірлесе дамыту мүмкіндігі бар",- деді В.Янукович.

Украина премьер-министрінің айтуынша, "мұнай тасымалдау және мұнай өңдеу зауытын бірлесе салу мүмкіндіктері де " талқыланған.

"Ал транспорт саласы бойынша біз көлік дәліздерін дамыту саясатын бірлесе жүргізу мәселелерін сараладық",- деді В.Янукович.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті