Қазақстан президенті Ұлыбританияда ханшайым ІІ Елизаветамен және премьер-министр Т. Блэрмен кездесті

Қазақстан президенті кеше Букингем сарайында Ұлыбритания ханшайымы ІІ Елизаветамен кездесті.

Сонымен қатар, Қазақстан президенті Ұлыбритания премьер-министрі Т. Блэрмен кездесті.

Шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздер барысында екіжақты қарым-қатынастың және халықаралық саясаттың кең ауқымды мәселелері талқыланды. Кездесу кезінде тараптар сауда-экономикалық, саяси, мәдени-гуманитарлық салаларындағы ынтымақтастықтың жоғары дәрежесін және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін атап көрсетті.

Кездесу соңында Қазақстан Республикасының президенті Н. Назарбаев пен Ұлыбритания премьер-министрі Т. Блэрдің бірлескен баспасөз мәслихаты өтті.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев күннің екінші жартысында Ұлыбритания қаржы министрі Гордон Браунмен кездесті.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті