Қазақстан Президенті Ұлыбританияның Премьер-Министрімен телефон арқылы сөйлесті

Бұл туралы Мемлекет басшысының баспасөз қызметі хабарлады.

Екі мемлекеттің көшбасшылары әңгіме барысында қазақстан-британ қатынастарының жай-күйін және перспективаларын, сондай-ақ екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту жөніндегі бұдан әрі жасалатын қадамдарды, Қазақстанда жоғары технологиялы өндірістерді дамыту жайын талқылады.