Қазақстан президенті Виктор Януковичке Украина президентіне сайлануына орай құттықтау жолдады

"Украинаның жоғарғы мемлекеттік қызметіне сайлануыңызбен шын жүректен құттықтаймын. Сіздің жеңісіңіз украина халқының ұлт бірлігі, демократиялық даму жолы мен экономикалық ілгерілеушіліктің пайдасына таңдау жасағанының айғағы болмақ",- делінген Елбасының құттықтау хатында.

"Қазақстанда бауырлас Украинамен екі арадағы көп жақты байланыстарды одан әрі дамытуға, екі жақ бірдей мүдделілік танытқан салалар бойынша ынтымақтастықты нығайтуға айрықша маңыз беріледі",- деді Н.Назарбаев. Ол сондай-ақ "екі ел арасында бұған дейін қалыптасқан өзара түсіністік пен сенімділік В.Януковичтің президенттік дәуірінде одан әрі дамиды" дегенге үміт білдірді.
Виктор Януковичтің Украина президентіне сайлануына орай Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері де құттықтау жолдады.